Алматы облысында 51 жастағы ер адам кейуананы тапсырыспен өлтіртпек болған

Ол Алматы қаласының тұрғынына адам өлтіргені үшін 10 млн теңге ұсынған.

Облыстық ПД хабарлауынша, ол Алматы қаласының тұрғынына адам өлтіргені үшін 10 млн теңге ұсынған.

«Тапсырыспен кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Қылмыстың себебі 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу-сату мәмілесімен байланысты», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.