Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде оқырмандарын алаяқтарға алданып қалмауға шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Продюсер өзі алаяқтардың құрығына түсіп қала жаздағанын айтты.
«Жаңа ғана алаяқтықтың куәгері болып отырмын. Біреу хабарласып, тапсырыс берген затымның келіп тұрғанын айтты. Шынымен де Астанадан зат күтіп отыр едім. «Мына мекенжайдан алып кете аласыз» деді. «Көлікпен жібереміз деп еді, пошта арқылы салған-ау» деп ойлап үлгердім. Тіпті, үйімнің мекенжайын да біліп тұр. Үйге емес, дүкенге жеткізуін өтіндім. «Сізге код келеді, соны айтыңыз» деді. Бір кезде көзім түсіп кетті, «кредит» деп жазылып тұр екен. Бірден алаяқ екенін білдім. Енді, міне, қоймай хабарласып жатыр. Бір қызығы, тұтқаны көтерсең, бірден камерасы қосылып, түріңді суретке түсіріп алады. Сосын даусыңды жазып алады екен. Басқа қоңырауларда камера жоқ, бұларда бар екен. Сақ болыңыздар, алданып қалмаңыздар», – деді продюсер.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.