Жақында Гонконгтан елге оралған Меруерт Түсіпбаева Халық әртісі Роза Рымбаеваға сыйлық жасады, – деп жазды Aikyn.kz.
Меруерт Түсіпбаева аңыз адаммен бір ғасырда өмір сүріп жатқанын баға жетпес бақытқа балады.
"Мен Роза Қуанышқызына сыйлық алып келдім. Осындай адаммен бір ғасырда өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын. "Не сыйласам болады, осы кісіні қалай қуантсам болады?" деп әлемді шарлап, бірнәрсе таптым. Ол кісіге жарасатынын білемін. Бұл сіздің стиліңіз екенін білемін. Құтты болсын, сізді жақсы көремін", – дейді Меруерт Түсіпбаева видеода.
Роза Қуанышқызы бұл сыйлыққа ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
"Құйып қойғандай. Шашылма дедім ғой, балаң екеуіңе жетсе болды емес пе?" – деді Роза Рымбаева.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.