Әнші Қарақат Әбілдина 27 жыл бұрынғы видеосын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бейнежазбадан әншінің домбырамен халық әні «Сары бидайды» орындағанын көруге болады. Өнер иесі бұл шетелге алғаш шыққан сәті екенін және 19 жаста болғанын айтты.
«Архивті ақтарып отырып, 1997 жылы ең алғаш шетелге гастрольдік сапармен шыққан кездегі видеоны тауып алдым. Консерваторияның екінші курс студентімін. Жасым 19 да. Бельгияның Брюссель қаласында халықаралық жәрмеңке өтетін болды. Қазақстаннан баратын делегация қатарына мәдениет өкілі, өнер көрсететін әнші керек болып, кастинг таңдауынан өтіп, маған бару бұйырады. Алғаш шет елге шығуым. Елшілікте менімен кездесу ұйымдастырып,Түркі әлемінің ұлы тұлғасы Шыңғыс Айтматовтың алдында бір жарым сағат ән шырқап, батасын алу бақытына ие болдым. Жастық-ай шіркін” деп, жүрегім лүпілдеп, толқиды әлі?! Біздің уақытта қазіргідей техника дамып, әлеуметтік желі болғанда ғой дейсің, талай дүниелер түсірілмей қалды ғой шіркін?! Сапасы болмаса да, әдемі естелікпен бөлісіп отырмын, жақсы адамдарым! Айтқандай, “Сары бидаймен” кезінде Қыдекеңнің жүрегін дір еткізген екенмін. Оны кейін білдім ғой. Айта берсе қызық көп”, – дейді әнші.
Желі қолданушылары әншінің дауысына және сұлулығына тамсанып, оны Қыз Жібекке ұқсатқан.
«Қыз Жібекке ұқсайды екенсіз. Дауыс өте ашық, нағыз қазақы нақыш», «Нағыз талант, тірі дауыспен ән айтып , ұлтымыздың киімін киіп, сахнаның сәнін келтіріп отыр!», «Нағыз талант иесі ғой. Не деген орындау. Жарайсың», «Қыз Жібектің жаңа нұсқасын түсіру керек еді осы кезде», деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.