Президент орталығында суретші Бақытжан Үсембековтің жеке көрмесі ашылды

Үсембеков Бақытжан – ежелгі әдістерді жаңғыртатын заманауи зергерлік өнердің шебері.

ҚР ПІБ Президенттік орталығында Қазақстанның Суретшілер және қолөнершілер Одағының мүшесі, суретші-зергер Бақытжан Үсембековтің «Ғасырлар бейнесі» жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. 

Бақытжан Әбілмәжитұлы 1993 жылы Ақмола облысының Атбасар ауданында дүниеге келген. Суретші-зергер Шымкент қаласының                        Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің «Зергерлік өнер» мамандығы бойынша үздік бітірген (2009-2013 жж.).  Қазақ ұлттық өнер университетінде «Металды өңдеу» мамандығы бойынша оқыған (2016-2020 жж.). Көрме авторы көптеген республикалық және шетелдік көрме жобаларының қатысушысы.

Үсембековтер отбасының барлық мүшесі – шығармашыл адамдар. Зергерлер әулетінің қалыптасуы темір ұстасымен айналысқан отбасының атасынан бастау алады. 

Үсембеков Бақытжан – ежелгі әдістерді жаңғыртатын заманауи зергерлік өнердің шебері. Жас суретші-зергер ежелгі тұрмыстық заттарды ағаштан, сүйектерден және басқа да табиғи материалдардан шебер жасайды.

Суретшінің картиналары жан-жақтылығымен, жарқын түстер палитрасымен және әр түрлі тақырыптарымен ерекшеленеді. Автор өз шығармаларында адам мен оның айналасындағы әлем арасындағы үйлесімділік пен ажырамас байланыс туралы баяндайды.

Күмістен, мыс, жезден жасалған зергерлік композициялар сақтардың аң үлгісіндегі тәріздес, ежелгі сақтардың бұйымдарын жасау бейнесіне негізделген. Сонымен қатар, біз қазақтың геометриялық және зооморфтық ою-өрнектерін олардың өзі жасаған зергерлік әшекейлерінде өрілгенін көре аламыз.

«Бүгін біз университетіміздің түлегі Бақытжан Үсембеков көрмесінің ашылуына қатысқалы отырмыз. Бақытжанның жұмысына қарап, біз жоғары деңгейде орындалған зергерлік бұйымдар мен суреттермен таныса аламыз. Кемелдікке ұмтылу және автордың үнемі шығармашылық ізденісі жаңа формалар, текстуралар мен сюжеттері бар батыл эксперименттік жұмыстарды жасауға мүмкіндік берді» – деді Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университеті өнер факультетінің деканы Арыстан Смағұлов.

Бақытжан Үсембековтің шығармашылық стилі ұлттық мұраға және ежелгі Қазақстан өнерінің дәстүрлі мотивтерін заманауи түсіндіруге деген ұқыптылықпен ерекшеленеді. Оның зергерлік өнерінде де, кескіндемесінде де кемелдікке ұмтылу және бір үнемі шығармашылық ізденіс жаңа нысандарды, текстуралар мен оқиға желісін енгізе отырып, батыл эксперименттік жұмыстар жасауға алып келді.

«Мен өз жұмысымда түрлі дәуірлердің фрагменттерін, стильдерін мен техникаларын қолданамын, олардың барлығы қазақ халқының салт-дәстүріне арналған. Өзімнің шығармашылық тұжырымдамаммен өнердің қаншалықты шексіз екенін және ол арқылы өз көзқарасымды қалай білдіруге болатындығын нақты көрсеткім келеді», – деп бөлісті Б.Үсембеков.

Көрме қонақтарының назарына 30-ға жуық зергерлік бұйымдар мен 10 кескіндеме ұсынылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.