Алматыда сауда бутиктері өртенді

Зардап шеккендер жоқ.

27 қыркүйекте таң сәріде Алматы қаласы Алатау ауданында сауда бутиктері өртенді.

ҚР ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиға Алғабас шағынауданында болған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 70 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

– "ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Балқашта құбыр ауыстыру жұмыстары кезінде жер астынан үш адамның денесі табылғаны хабарланды.