Сырдарияда сең жүруі мүмкін, – деп жазады 24.kz. Себебі, ақпан айы басталғалы өңірде күн күрт жылынды. Синоптиктер алдағы күндері термометр көрсеткіші 10 градусқа дейін көтеріледі деген болжам айтып отыр.
Сырдарияның Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы бөлігінде тіпті мұз қатпады. Тек Қазалы мен Аралда 5-20 см аралығында мұз қатқан. Шардара су қоймасынан дарияға секундына 400 текше метр су жіберіледі. Оның 300 текше метрі Көксарай контрреттегішіне кетеді.Қалғаны өзен бойымен ағып, Аралға құйылады. Дарияда жырылып кету қаупі жоғары 56 учаске бар. ТЖД басшысының орынбасары Саид Молдақараев: «Болуы мүмкін төтенше жағдайларға облыстың азаматтық қорғау күш-құралдары дайындық деңгейіне келтірілген. ТЖД жергілікті атқарушы органдардан күнделікті мониторинг жасап жатыр. Төтенше жағдай болса біздің қызметтердің бәрі дайын», – деді.