Астанада «Үркер – 2024» республикалық сыйлығын табыстау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Дәстүрлі «Үркер» ұлттық сыйлығы 12 номинация бойынша табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл БАҚ өкілдерінен 400 өтінім түскен.
Айта кетейік, БАҚ өкілдерінің жұмыстарын беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа-сарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалады.
Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына «Үркер» – 2024 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.
Негізгі номинациялардан бөлек, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Время» газеті ұжымына арнайы сыйлықты тарту етті.
Сондай-ақ, балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай марапат «Заң» газетіне бұйырды.
«ҮРКЕР» сыйлығының жеңімпаздары:
- Жылдың үздік сұхбаты – Нұрлан Оразғалиев (Inbusiness.kz);
2. Жылдың үздік репортажы – Юлия Абрамова (Nur.kz);
3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал – Ксения Евдокименко (Time.kz);
4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі – Нұрлат Байкенже (Астана ақшамы газеті);
5. Жылдың үздік аналитикалық материалы – Тимур Ниталиев (Ulysmedia.kz);
6. Радиостанциядағы үздік жоба – Қымбат Досжан (Қазақ радиосы);
7. Жылдың үздік фотосуреті – Сали Сабиров (Olympic.kz);
8. Жылдың үздік жаңалықтар порталы – Abai.kz;
9. Үздік өңірлік БАҚ – Наш Костанай газеті;
10. Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында) – Торғын Ашенова (Омбы қазақтары газеті);
11. Үздік подкаст – NeQuryltay;
12. Үздік YouTube каналы – Sayahat Time (balbal.kz).
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.