Мықтылар турнирінің алғашқы жеңімпаздары анықталды

50 келіде команда үздігі Алуа Балқыбекова жеңіске жетті. Ақтық сында Алуа ресейлік қарсыласын ұтты.

Әйелдер боксынан Қарағандыда өтіп жатқан "Мықтылар турнирінде" алғашқы жеңімпаздар есімі белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

48 келі салмақта Әйгерім Сәттібаева топ жарды. Ол финалда Ақбота Болаттан басым түсті. 

50 келіде команда үздігі Алуа Балқыбекова жеңіске жетті. Ақтық сында Алуа ресейлік қарсыласын ұтты.

52 келіде Жазира Орақбаева, 54 келіде Әнел Сақыш көш бастады.

60 келіде алматылық Виктория Графееваға тең келер ешкім болған жоқ. 

57 келіде Жамбыл облысының өкілі Виктория Байдукева үздік шықты.

63 келіде қарағандылық Аида Әбікеева, 66 келіде тәжірибелі Милана Сафронова жеңіске жетті. 

Турнир әлі жалғасып жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.