Қарағандыда денсаулығында кінәраты бар 83 жастағы зейнеткер жоғалып кеткен

Зейнеткер пәтерден шығып кеткен.

24 қыркүйекте сағат 12:30 шамасында Қарағанды қаласы Полиция басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, 30 минут бұрын 83 жастағы әжесі жоғалып кеткенін хабарлаған, – деп жазады Aikyn.kz. 

Қарт адам деменциямен ауыратыны белгілі болды. Оқиға туралы полиция бөлімінің барлық жеке құрамына, патрульдік нарядтарға хабарланды. Жоғалған зейнеткерді іздеуге кинологиялық қызметтің қызметкерлері қатысты. Көп ұзамай полицейлер жаяу жүргіншілер жолында жатқан зейнеткерді тапты. Қызметкерлер оған алғашқы көмек көрсетіп, кейін туыстарын шақырған.

"Әжемді тез тауып алған патрульдік полиция қызметкерлері мен кинологиялық қызметке шынайы алғысымды білдіргім келеді", – деді жоғалған адамның туысы.