Ақмола облысында зиянды заттармен байланысты тағы бір қылмыс анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
24kz телеарнасы жазғандай, тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан 34 келіге жуық марихуана тәркіленді.
Дайындалған синтетикалық заттардың қара нарықтағы құны – 34 млн теңге. Одан бөлек, 5 млн теңге болатын 2 келіден астам гашиш табылды.
54 жастағы ер адам есірткіні тек өз үйінде емес, жалға алынған жертөледе де сақтаған.
Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.