Көкталдағы өрттен 30 шақты отбасы баспанасыз қалды

Көкталдағы өрттен 30 шақты отбасы баспанасыз қалды

Бұл ақпарат 101-ге таңғы 6-да түскен.  Өрт Ұлытау көшесіндегі ЖК "Көктал - 2"-де шыққан.  Жатақхана ретінде жасалған 200 кв метрді алып жатқан екі қабатты жекеменшік үй өртенді. ешкім қаза болған жоқ.  ©Айтжан МұрзановӨртті байқған тұрғындар заттарын терезеден лақтырып, өздері де сол жерден шыққан сыңайлы. Ғимаратқа кіреберісте кітап, дәптер, етік, сөмке, рюзак секілді біраз дұние-мүлік шашылып жатты.  Жатақхананың бірінші қабаттағы біраз дүниені шығарып алғанымен, екінші қабаты толығымен өртеніп кеткен.  Ал бірінші қабатқа кірісімен, ыстанып кеткен еденмен дәліздің соңына дейін жүріп өту - қорқынышты. - Әдеттегідей, ұйықтап жатқанбыз. Түн ортасында төбемізден сықырлаған дыбыс шықты. Сол кезде көршілердің "Шығыңдар, шығындар!" деген айқайы естілді. Терезеден қызараңдаған түсті көріп, өрттің шыққанын бірден түсіндім. Әп сәтте бөлменің бәрі көктүтін болып кетті. Сасқанымнан әйелімді оятып, екі баланы қолға тиген киім-кешекпен киіндіріп, далаға зытып шықтық. Алып үлгергеніміз құжаттар мен газбаллон болды, - дейді өрттен аман қалған тұрған Бауыржан Жүсіпов. Оның айтуынша, қазір балалары мен келіншегі бір айға тегін берілген бөлмеде екен. Үкіметтің көмегінен бас тартқан. Ал осыны пайдаланып жағдайын түзеп аламыз дегендер қазір мектепте тұрып жатыр.  "Көп түкірсе, көл болады" дегендей ел-жұрт қазір барымен көмектесіп жатыр.