Павлодарда сыныптасы мен мұғалімін пышақтаған жасөспірімге сот шешімі шықты

Биыл мамырда павлодарлық мектептердің бірінде оқитын оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақпен жаралаған.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 17 жастағы жасөспірімге қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл мамырда павлодарлық мектептердің бірінде оқитын оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақпен жаралаған.

Оқушыға ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 1, 14-тармақтары бойынша ("Адам өлтiру, яғни екi немесе одан көп көрінеу кәмелетке толмаған адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату")  айыпталды. Іс сотта жабық режимде қаралды.

"Сот кәмелетке толмаған адамды жасаған қылмысы үшін кінәлі деп таныды, бірақ психикалық ауруына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды, оған мәжбүрлеп медициналық сипаттағы шаралар қолданылды",  деді сот қаулысын оқыған судья Бақыт Нұрланов.

Сондай-ақ сот процесінде куәгерлер мен жәбірленушінің айғақтарынан 9-сынып оқушысы мектепке пышақ пен балға әкеліп, сыныптасына жарақат салғаны анықталды. Белгілі болғандай, жасөспірім қазір Павлодар психикалық денсаулық орталығының стационарында емделіп жатыр. Тергеу кезінде ол үй қамауында болғаны айтылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.