Белгілі әнші Мақпал Жүнісова «Жаңбыр да жалғыз» деген жаңа романс жазып жатқанын айтты. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оның айтуынша, романс бірнеше күнде дайын болады.
«Бүгін жаңа романс жазып жатырмын. Бірінші тыңдарманым – Бауыржан Рахымбеков. Романстың әнін жазған Индира Елубаева, өлеңін жазған Айдар Сайлауов, өңдеген Мәди Айжанов. «Жаңбыр да жалғыз» деген жаңа романс 3-4 күнде дайын болады», – деген Мақпал Жүнісова.
Әншінің айтуынша, романс радиода өңделеді. Мақпал Жүнісова жаңа әнінің бір шумағын орындап, тыңдармандарының жүрегін жаулап алған.