Коронавирус қаупі: Қазақстан шекарасынан өтетіндер 10 есе азайды
Коронавирус қаупі: Қазақстан шекарасынан өтетіндер 10 есе азайды
Фото: inbusines.kz
112
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Ділмановтың айтуынша, коронавирусқа байланысты бір айда Қазақстан шекарасынан өтетін адамдар саны 10 есеге азайды. «Шекарадан өтетін жолаушылар саны айтарлықтай азайды. Бізде жылына 48 миллионға жуық адам өтеді. Яғни, олардың арасында біздің азаматтар мен өзге де елдердің азаматтары бар. Қазір бір айдың барысында 10 есеге азайғанын байқап отырмыз. Бұл түсінікті реакция (коронавирусқа қатысты), себебі адамдар өзінің денсаулығына алаңдайтыны белгілі», – деді Дархан Ділманов. Оның айтуынша, шекара күзетінде тұрған әскерилер арасында карантинге жатқызылғандар жоқ. Сонымен қатар Дархан Ділманов шекарадан өткендер коронавирусқа қатысты туындаған ахуалды жақсы түсінетінін, ешқандай келіспеушілік жағдайлар болмағанын атап өтті. «Жолаушылар келген кезде, карантинге жіберілуі мүмкін екенін біледі. Бұл тұрғыда ешқандай проблема көріп тұрғанымыз жоқ», – деді Дархан Ділманов.