Қазақстанда тағы бір халықаралық теміржол қатынасы іске қосылады

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, пойыздар биыл 18 желтоқсаннан бастап төрт күнде бір рет жүре бастайды.

Қазақстанның Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі «Риддер-Новосибирск» халықаралық теміржол қатынасын қалпына келтіру туралы келісімге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, пойыздар биыл 18 желтоқсаннан бастап төрт күнде бір рет жүре бастайды.

– «Ресей темір жолдары» АҚ қызмет көрсететін №407/408 «Риддер-Новосибирск» халықаралық пойызы 250 жолаушыға арналған 6 вагоннан (3 купе, 3 плацкарт) тұрады. Осылайша, шығысқазақстандықтардың үндеуі елеусіз қалмады, – делінген министрлік хабарламасында.

Аталған пойыз ауаны баптау және бейнебақылау жүйелерімен, биодәретхана кешендерімен, розеткалармен, мобильді құрылғыларды/гаджеттерді қуаттауға арналған USB порттарымен және әр орынның жанында жеке жарықтандырумен жабдықталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.