Белгілі актриса Айгүл Иманбаева емханаға барып, тексеріліп жатқан видеосын Instagram парақшасына салып, оқырмандарын ойландырып қойды, – деп жазды Aikyn.kz.
«Осындай бақытты сәттермен қауышу үшін, ең алдымен, толыққанды тексерістен өтіп алу қажет», – дейді актриса бейнежазбада.
Денсаулығын тексерту үшін Түркияға барғанын атап өтті.
«Мен қазір Ыстамбұл қаласындамын. Бұл жаққа келуімнің себебі денсаулығымды толықтай тексеруден өткізу. Қазіргі тілмен айтқанда Check Up», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өнер иесінің сәбилі болуын тілеп, ақ тілегін арнады.
«Бөпелі болыңыз», «Айгүл ханым, келесі жылы осы уақытта шілдехана, бесік той болсын», «Құтты болсын», «Аман-есен қолыңызға алыңыз» деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.