Танымал продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында өзін әлдекім артынан аңдып жүргенін жариялады, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Танымал продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап оқырмандарын ойландырып қойды. Ол бейнебақылау камерасынан өзін әлдекім аңдып жүргенін байқаған.
Видеодада белгісіз азамат Алагөзованың көлігіне жақындап келіп, оның нөмірін суретке түсіріп алғаны байқалады.
“Автоблогер? Менің көлігімнің нөмірі неге керек? Мына кісіні кім таниды?” – деп жазды Баян Алагөзова.