Reuters агенттігінің жазуынша, Грекияда коронавирус жұқтырған бірінші адам қайтыс болды. Дереккөздің хабарлауынша, Грекияның Денсаулық сақтау министрлігі қайтыс болған 66 жастағы ер адамның денсаулығында өзге де дерт болғанын мәлімдеген. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Грекия аумағында ауру жұқтырғандардың жалпы саны 99 адамға жетіп отыр.