Қазақстандық спортшылар Стенд атудан Азия кубогінде 6 алтын медаль алды

Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлімдеді.

Алматы облысында өтіп жатқан Стенд атудан Азия кубогі аяқталды. Аталмыш додада Қазақстан алты алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, додада Қазақстан командасы алты алтын және бес қола медаль еншіледі. Оның ішінде Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко, Никита Моисеев (жасөспірімдер арасында), сонымен бірге әйелдер, ерлер және аралас командалар (скит) топ жарды. 

Ал күміс жүлдені Алишер Айсалбаев, трап және дубль-траптан ерлер командасы жеңіп алды.

Үшінші орынға Марк Почивалов (трап), Давид Почивалов (скит), Айжан Досмағамбетова, Владлен Калимулин және әйелдер командасы (трап) табан тіреді.