Әлемді шулатқан рэпер P. Diddy Алматыдағы балалар үйіне не үшін келген?

Ол Қазақстанға достарының шақыртуымен келген, бірақ нақты кімдер шақырғанын айтпаған.

Әлеуметтік желілерде рэпер P.Diddy-дің Алматыдағы №2 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне келген сәтінің архивтік фото-видеосы жарияланды. Бұл 2011 жылы әншінің Қазақстанға жасаған сапары аясында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz qadamasia Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

P.Diddy 2011 жылы Алматыдағы №2 балалар үйіне барып, балаларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оларға сыйлықтар табыс еткен: музыкалық орталық, теледидар, караоке жүйесі, өзінің соңғы альбомы жазылған CD-дискілер және Sean John жеке брендінің 75 кепкасы. Оған жауап ретінде балалар екі жұмсақ ойыншық түйе сыйлап, шағын концерт ұйымдастырған.

Сол кезде Puff Daddy алғаш рет домбыраның қалай шырқалатынын естіді. Рэпер басқа елдерге мұндай миссиялармен сирек баратынын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанға достарының шақыртуымен келген, бірақ нақты кімдер шақырғанын айтпаған.

Естеріңізге сала кетейік, музыкант әрі продюсер P.Diddy қыркүйек айының ортасынан бастап рэкет және секс-саудамен айналысты деген айыптармен қамауда отыр.