Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны Айбек Оралбай Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Әбдәлдиевті еске алуға арналған турнирде қарсыласын нокаутқа түсірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz msports.kz-ке сілтеме жасап.
92 келіден аса салмақтағы 1/8 финалда Айбектің қарсыласы украиналық Кирилл Стоянцев болды. Бұл кездесуде қазақ боксшысы бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Енді Айбек 2 қазанда өтетін 1/4 финалда түркиялық Айдемир Угурмен жекпе-жек өткізеді.
Айта кетейік, Айбек Париж Олимпиадасынан кейін салмақ категориясын ауыстырды, бұған дейін ол 92 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан.
Сонымен қатар, ол жақында Асланбек Шымбергеновтің орнына бокстан Қазақстан құрамасының капитаны болып сайланған еді.