Қазақстандық таэквондошы Нұрай Қазнабек жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Таэквондодан Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның жасөспірімдер командасының өкілі Нұрай Қазнабек күміс жүлдегер атанды.
Қазақстандық спортшы 59 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп, екінші орыннан көрінді. Финалда ол ирандық Айназ Насириге есе жіберді. Ал үшінші орынды канадалық Элла Брюстер мен хорватиялық Мария Углегич алды.