Астана маңындағы ауылдан 14 жастағы қыздың денесі табылды

Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіні растады.

Ақмола облысында 14 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 1 қазанда Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында болған. Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіні растады.

«1 қазанда Аршалы ауданының полиция бөлімінің байланыс желісіне Астана қаласының тұрғынынан Жібек Жолы ауылында өз үйінің гаражында 2010 жылы туылған туысқан қарындасының өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті», – деп хабарлады ведомстводан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.