Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлады Ақорда.
Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёл мен корей халқын Ұлттық күнімен құттықтаған.
«Президент жеделхатында Кореяны экономикалық және технологиялық дамуда зор жетістіктерге қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар дәстүрлі достық пен берік байланысқа негізделген қазақ-корей ықпалдастығы халықтардың игілігі үшін одан әрі жандана беретініне сенім білдірді», – деп жазады Ақорда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.