Астанада мәслихат депутаттарының форумы басталды

Астанада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен мәслихат депутаттарының Форумы басталды

Астанада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен мәслихат депутаттарының Форумы басталды. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Форумға қатысушылар қатарында Парламент Сенаты мен Мәжіліс төрағалары, Премьер-Министр, Мемлекеттік кеңесші, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері, Парламент және мәслихат депутаттары бар. Қатысушылардың жалпы саны – 2500 адам.

 Форумға еліміздің барлық өңірлерінен жергілікті өкілдік органдардың депутаттары қатысады. Форум барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру аясында аймақтық дамудың өзекті мәселелері талқыланады.