Смарт сақина ұйқыңызды күзетеді, күйзеліс пен жүрек көрсеткіштерін дәл анықтап, смартфонда ескертеді

Нарықта денсаулық көрсеткіштерін бақылайтын тағы бір гаджет шығарылды. 349 доллар тұратын жаңа смарт сақина дәл анықтау технологиясымен, керемет дизайнмен ұсынылады.

CNBC телеарнасының материалында жарияланған смарт сақинаның техникалық сипаттарын Aikyn.kz талдайды.

Oura Ring 4 сақинасы дәлірек тану технологиясымен, әдемі дизайнмен және сегіз күнге дейін қызмет ететін батареямен ерекшеленеді. Фото CNBC сайтынан алынды. Авторлығы: Oura

Бүгін (3 қазан) Oura компаниясы $349-дан басталатын құны бар Oura Ring 4 смарт сақинасына алдын ала тапсырыс қабылдайтынын жариялады. Хабарламада айтылғандай, жаңа смарт сақина дәлірек тану технологиясымен, әдемі дизайнмен және сегіз күнге дейін қызмет ететін батареямен ерекшеленеді. Компанияның сақиналары пайдаланушыларға өз денсаулығының көрсеткіштерін нақты уақыт режимінде білуге көмектеседі.

Сақина ұйқыны, жаттығуды, стресті, жүрек денсаулығын және басқа көрсеткіштерді бақылайды. Oura Ring 4 сақинасында жаңа сенсорлар қойылған, оның дизайны да көз тартарлық және бір қуатпен сегіз күнге қызмет етеді.

Oura қандағы оттегі деңгейін, күндізгі және түнгі жүрек соғу жиілігін және тыныс алу бұзылыстарын дәлірек көрсету үшін арнайы алгоритм мен жаңартылған сенсорлар қолданылатын жаңа «Smart Sensing» платформасын әзірлегенін айтады. Егер Oura сақинасының бұрынғы 3-ші буын сенсорлары төмпешік сияқты саусаққа сезіліп тұратын болса, Oura Ring 4 сенсорлары тегіс білінбейді. Компания бұл сақинаны киюге ыңғайлы болатын тегіс интерьермен жасаған.

Oura Ring 4 смарт сақинасының көрсеткіштері смартфонға шығарылады. Фото CNBC сайтынан алынды. Авторлығы: Oura

Oura Ring 4 алты түсте және 12 өлшемде қолжетімді. Бейсенбіде (3 қазан) алдын ала тапсырыс берсеңіз сақинаны 15 қазанда қолыңызға кигізе аласыз. Бастапқы құнынан басқа, пайдаланушылар айына $5,99 немесе жылына $69,99 мүшелік жарна төлеуі керек. Бірінші ай тегін. 

Компания сонымен қатар өз қолданбасының жаңа дизайнын жариялады, ол қазір Oura мүшелеріне қолжетімді. Жаңа дизайн пайдаланушы деректерін Today, Vitals и My Health (Бүгін, Өмірлік және Менің денсаулығым) деп аталатын үш қойындыға біріктіреді.

«Бүгін» қойындысы тәулік мезгіліне байланысты ақпаратты көрсетеді. Адамдар өздерінің ұйқысы, белсенділігі, дайындығы, күйзелісі, жүрек соғу жиілігі және басқа да қажетті ақпаратты жылдам көре алатын таңбашаларды қамтиды. Vitals қойындысында пайдаланушы ұзақ уақыт бойына жиналған өз деректеріне көреді, My Health қойындысында ұйқы тенденциялары, жүрек-тамыр жағдайы, ұйқы трендтері және стреске төзімділік сияқты ұзақ мерзімді көрсеткіштерді көре алады. Oura қолданбаның жаңа мүмкіндіктері біртіндеп енгізіле беретінін айтуда.

Спорттық жаттығулар кезінде жүрек соғу жиілігін немесе жұмсалған энергияны сақина автоматты түрде өзі анықтайды. Фото lifewire.com сайтынан алынды. Авторлығы: Oura

Спорттық жаттығулар кезінде пайдаланушылар жүрек соғу жиілігін немесе орындаған жаттығу түрін қолмен тіркемейді. Бұның бәрін сақина автоматты түрде өзі анықтайды. Сондай-ақ пайдаланушылар күнделікті стресс деректерінде өздерінің белсенділігі мен күнделікті қозғалысын көре алады.

Oura өкілдері бұл пайдаланушылардың «мінез-құлқы мен әдеттерінің стреске (күйзеліс) қалай әсер ететінін түсінуін жақсартады» дейді.

Oura сонымен қатар репродуктивті денсаулық ұсыныстарын жаңартып, әйел пайдаланушыларға жүкті болуды көрсететін «құнарлы терезе» (фертилді терезе) деп аталатын мүмкіндікті де қамтиды. Бұл функция пайдаланушыға олардың жүкті болуы ықтимал күндерін бағалауға мүмкіндік береді. Oura бұл мүмкіндік алдағы айларда іске қосылатынын жариялады.

Пайдаланушылар жаңа мүмкіндіктерді тексере алатын Oura Labs қосымшасы енді Android құрылғыларында да қолжетімді. Бұрын бұл мүмкіндік тек iPhone телефонында болған.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.