Қытай шығысындағы Фуцзянь провинциясында қонақүйдің опырылып құлауы салдарынан қаза болған адамдардың саны 29-ға жетті. Құтқарушылар үйінді астынан тағы бір адамның денесін шығарды. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, қаза болған адамның денесі таңертең сағат 11:04-те Цюаньчжоу қаласында анықталған. Лисэн ауданында орналасқан «Синьцзя» қонақүйі сенбі күні кешке опырылып, құлады. Үйінділер астында 71 адам қалды. Соның 27-сі көз жұмды. Тағы екеуі тірі табылды, бірақ оларды құтқаруға мүмкін болмаған. Алдын ала тергеу қонақүй ғимаратының құрылысы, жөндеу жұмыстары және тапсырылған кезде күрделі кемшіліктерге жол берілгені анықталған. Оқиғаға байланысты жауапты адамдар қамауға алынған. Қонақүй ғимараты 2013 жылы салынып, 2018 жылдан бері қонақүй ретінде пайдаланылып келеді.