– Бүгінгі жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен әріптестеріміз бас қосып, пікірлесіп, жұмыс барысын талқыладық. Мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумынан біздің аларымыз көп. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, депутаттар – өзекті мәселелерді ашық айта білетін, азаматтардың қоғамдағы ой-пікірін атқарушы билікке тікелей жеткізетін қауым. Сондықтан аймақ-аймақтағы халықтың үнін жеткізушіміз.
Оның үстіне, «AMANAT» партиясынан сайланған депутаттарға талап күшейтілген. Бес жылда елтен етене жақын жұмыс істеуі тиіс. Егер депутат бір жыл ішінде өзінің сайлауалды бағдарламасы бойынша нақты нәтиже көрсетпесе, мандатынан айырылады. Сол себепті қол қусырып, қарап отырған жоқ. Депутаттың қай-қайсысы да еліміздің қарқынды дамуына бағыталған нақты іс-әрекетке үлес қөосуға көшті. Мәселен, Әділетті Қазақстан бағыты бойынша Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары ауқымды жұмыс атқарып жатыр. Қазір біз Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен бұрынғы әкімдердің кезінде жеке қолға негізсіз өтіп кеткен маңызы бар мемлекеттік нысандарды мемлекет меншігіне қайтару жұмысы белсенді жүргізілуде. Екіншіден, тексеріс барысында көптеген жерде бюджеттің негізсіз жұмсау фактілері анықталды, – дейді Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев.