Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйзелісте жүрген жандарды жақындарынан көмек сұрауға шақырып, үндеу жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Жаныңыз күйзелісте болса, жүрегіңіз тыныштықты аңсаса, уайым мен өкпе жегідей жесе, тіпті өз-өзіңізді жоғалтып бара жатқаныңызды сезе тұра, бөлісуден, көмек сұраудан, жақыныңызға хабарласудан тартынбаңызшы. Әлемдегі проблеманың ешқайсысы адам өмірінің құнындай емес! Сіз бәріне керексіз. Мен бұл ойыммен неге бөліскенімді алматылықтар жақсы түсінеді. Себебі, танымал аспаз Бага есімді жігіттен айырылдық", – деп жазды ол.
Айта кетейік, Алматыда тнымал блогер қайтсы болғаны туралы жазған болатынбыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.