"Соңғы отырысымыз еді": Жанар Айжанова марқұм жолдасына жазба арнады

Өнер иесі жолдасының сыныптастарымен түскен фотосын жариялап, соңғы отырыс екенін айтты.

Танымал әнші Жанар Айжанова марқұм жолдасымен соңғы түскен фотосын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі жолдасының сыныптастарымен түскен фотосын жариялап, соңғы отырыс екенін айтқан. 

“Айжұлдыздың папасымен түскен суретіміз барлық жерде жүр екен. Мен де біреуін қосайын. Мынау қайтыс боларынан бір күн бұрын сыныптастарымен бірге болған күніміз. Маған өзі қолқа салып, “Кешікпей келем деп ең, мен тұрмын елеңдеумен” деген Шәмшінің әнін айтқызды. Өзі де қосылып отырды. Құрдастары сен де әнші болып кетпе деп қалжыңдаған еді. Көңілді кеш болып, тарқастық. Ертеңіне қазір келем деп кеткен еді, содан оралмады. Елеңдеумен қала бердім. Қайғысыз адам, күйесіз қазан жоқ” деген осы шығар?! Сыртымыздан қараған адамға маңдайымызға шаң тимегендей көрінетін шығармыз. Жатыр ғой бітеу жара ішімізде”, – деп жазды әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.