Жезқазғанда референдум өтетін күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болмақ

Жезқазғанда референдум өтетін күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болмақ
Жезқазғанда жалпыұлттық референдум өтетін күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Бұл күні Жезқазған қалалық және қала маңындағы маршруттарда жол жүру тегін болады. 

Автобустар таңғы сағат 7:00-ден түнгі 22:00-ге дейін жүреді. 7 қазаннан бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, референдумде мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруін қамтамасыз ету үшін «Инватакси» қызметі ұйымдастырылады. Қала бойынша 3 инватакси мүмкіндігі шектеулі жандарды референдум учаскесіне дейін тегін тасымалдайды. Тек алдын ала тапсырыс беру қажет.