Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті

12 раундқа жоспарланған кездесу 9 раундта уақытынан бұрын аяқталды.

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Сиднейде (Аустралия) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасып, қарсыласын нокаутпен жеңді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жекпе-жек Аустралияның Сидней қаласында өтті. 12 раундқа жоспарланған кездесу 9 раундта уақытынан бұрын аяқталды. Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша қазақстандық спортшы екі чемпиондық титулын (WBO, IBF) қорғады.

Ал Андрей Михайлович кәсіпқой рингтегі 22 жекпе-жегін өткізді. Бұл оның алғашқы жеңілісі. Қазір ол Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде 3-орында тұр.