Мектеп оқушылары мерзімінен бұрын 16 наурыздан бастап демалысқа шығады

Мектеп оқушылары мерзімінен бұрын 16 наурыздан бастап демалысқа шығады

Қазақстанда мектеп оқушылары уақытынан бұрын демалысқа шығады. «2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін орта білім беру мекемелері уақытынан бұрын демалысқа шығады. 16-сынан бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен ЖОО-лар қашықтан оқыту түріне көшеді», – деді вице-премьер Ералы Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте. Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылатындығын жария етті.