Дзюдошы Азат Күмісбай әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Ол 81 келіге дейінгі салмақта жетістікке жетті.

Отандық дзюдошы Азат Күмісбай Душанбедегі (Тәжікстан) жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде үшінші орын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 81 келіге дейінгі салмақта жетістікке жетті. 

Қола жүлде үшін күресте Азат тәжікстандық Сунатулло Мусоевтан басым түсті. 

Айта кетелік, бұған дейін әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар да үшінші орын алған еді.