Жамбыл облысының өрт сөндірушілері өртенген мейрамханадан 86 адамды эвакуациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тараз қаласында Жамбыл даңғылындағы мейрамханалардың бірінде ас үй бөлмесінің төбесі өртенді.
ТЖМ күшімен баспалдақ маршымен 86 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт алдын ала 50 шаршы метр алаңда оқшауланды. Өрт нақтыланған 30 шаршы метр алаңда сөндірілді. Бір қабатты мейрамханаға жапсарлас салынған ас үй бөлмесінің шатыры жанды.