Амир Маймұратов жартасқа өрмелеуден әлем кубогының жүлдегері атанды

Ол Париж Олимпиадасына қатысқан болатын.

Спорттық жартасқа өрмелеуден Қазақстан командасының көшбасшыларының бірі Амир Маймұратов Сеулде өтіп жатқан (Оңтүстік Корея) Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды   Aikyn.kz.   

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бүгін, 4 қазанда «жылдамдық» бойынша жарыстың финалы болып өтті. 

Маймұратов бірінші орын үшін қытайлық спортшы СиньШань Ванмен жарысты. Дегенмен ол қарсыласынан жеңіліп қалды. 

Үшінші орын Индонезиядан келген Киромал Катибинге бұйырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.