Қатерлі ісікке шалдыққан актер Мұрат Бисембин ел алдына шығып, қолдау көрсетіп жатқан көпшілікке алғыс айтты, - деп жазды Aikyn.kz.
Ол бұл дертті жеңіп шығатынына сенім білдірді.
“Мені жеңу оңай емес. Міндетті түрде бәрін еңсеремін. Маған моральды және материалдық тұрғыда көмектесіп жатқан барша жанға рақмет! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін. Шексіз алғыс", – деді актер.
Айта кетейік, актердің дерті туралы ақпаратты әріптесі Саят Исембаев жеткізген болатын.
“Достар, сіздердің көмектеріңіз қажет. Әріптесіміз Мұрат Бисембин ауырып қалды. Бәріңіз оны "Рэкетир" фильмі арқылы жақсы танисыздар. Фильмде ол Руслан болып ойнаған. Өкінішке қарай, одан қатерлі ісік табылды, қазір ем қабылдап жатыр. Еңсесін түсірген жоқ. Мұратта бәрі жақсы болады, әлі-ақ айығып кетеді. Көмек қолын созам деушілер болса, жеке есепшотын қалдырамын”, – деп жазған еді Саят Исембаев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.