Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы жарақат алды: ол алдағы матчтарға қатыспайтын болды

УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Аустрия және Словенияға қарсы ойындарға қатыса алмайды.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Роман Асранқұлов Ұлттар лигасының қазан айындағы матчтарына қатыса алмайды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Роман Асранкулов жарақат алып, алдағы екі ойынға қатыспайды

«Ұлттық құрама қорғаушысы Роман Асранкулов «Тобыл» сапында Қазақстан Премьер-лигасы аясында «Жеңіске» қарсы матчында жарақат алып қалды. Өкінішке қарай ойыншымыз УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Аустрия және Словенияға қарсы ойындарға қатыса алмайды», - делінген федерация хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.