Астанада сайлау учаскелері жұмысын бастады

Астана тұрғындары өздерінің учаскелерін 4 тәсілмен онлайн біле алады.

Астанада сайлау учаскелері жұмысын бастады. Учаскелердің бәрінде елорда тұрғындарының белсенділігі байқалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Елорда әкімдігінің мәліметінше, Астанада таңертеңгі сағат 7-ден бастап 460 учаске жұмыс істейді, оның 352-сі – ашық, 34-і – жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерге бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, Астана тұрғындары өздерінің учаскелерін 4 тәсілмен онлайн біле алады:

- Ресми веб-қызмет: https://referendum.astana.kz/  


- Telegram-да чат-бот арқылы: https://t.me/referendum_astana_bot  


- IKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 нөмірі бойынша;


- «Smart Astana» мобильді қосымшасында «New» бөлімінде – «Референдум учаскесін іздеу». Қолданбаны App Store немесе Google Play арқылы жүктеп алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.