Атырауда зейнеткер алғашқы болып дауыс берді

Атырау облысында 411 880 дауыс беруші бар.

Атырау қаласының «Нұрсая» шағынауданындағы №90 референдум учаскесінде алғашқы дауыс беруші өз таңдауын жасады. 

71 жастағы Роза Нұрғалиева республикалық референдумда алғашқы болып дауыс беру үшін  учаскеге асыға жеткен.

– Бұрын да мұндай саяси науқандарға келіп, өз таңдауымды жасап жүрмін. Бұл жолы да Қазақстан азаматы ретінде өзіндік үлесімді қостым. Мұндай саяси науқандарға үн қосу әрбір саналы азаматтың парызы, – дейді Роза апа.

Учаскелік комиссия мүшелері алғашқы дауыс берген еңбек ардагеріне арнайы сыйлығын тапсырып, құрмет көрсетті.

Комиссия төрағасы Гүлмаржан Бисембаеваның айтуынша, №90 референдум учаскесінде 2 297 дауыс беруші бар. Ал Атырау қаласы бойынша барлығы 1 аумақтық, 134 учаскелік референдум комиссиясы бар. Оның ішінде 7 учаскелік комиссия жаңадан құрылған.

Еске сала кетелік, Атырау облысында 411 880 дауыс беруші бар.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.