Кейуаналар таң сәріден келіп дауыс берді

Жамбыл облысында АЭС салуға қатысты дауыс беру қарқынды өтуде.

Жамбыл облысында АЭС салуға қатысты дауыс беру қарқынды өтуде.

508 сайлау учаскесінде де дауыс берушілердің қарасы қалың. Алғашқылардың бірі болып таң сәріден екі кейуана келіп, өздерінің таңдауларын жасады.  

- Еліміз үшін маңызды күнде үйде жата алмадым. Таң атысымен тұрып  өз таңдауымды жасауды жөн деп шештім. Ұл –қыздан  немере сүйіп отырған әжеміз . Осы ұрпақтың келешегін ойлап таң сәріден келіп өз дауысымды бердім ,- дейді Алтыншаш Айтқұлова .

Алтыншаш әжемен бірге Роза Найзабаева да алғашқылардың  қатарында  дауыс беріп, сыйлыққа ие болды.

- Сайлау сәтті басталды . Бақылаушылар да нақты қадағалап отыр. Дауыс берушілердің белсенділігі байқалады,-дейді 508 сайлау комиссиясының төрайымы Лаура Акишева.

Осылайша жамбылдықтар дауыс беруде ерекше белсенділік танытуда.

 Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы