Жамбыл облысының әкімі өз таңдауын жасады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев республикалық референдумға қатысып, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.

Аймақ басшысы  Тараз қаласындағы №35 референдум учаскесінде дауыс берді.

Айта кетейік, қазір облыс бойынша 508 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Жалпы, 717 мыңнан аса жамбылдық референдумда дауыс беру құқығына ие.

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы