Көне шаһардың басшысы көппен бірге дауыс берді

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков көппен бірге өз таңдауын жасады.

Көне шаһардың басшысы  №41 референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді.  Айта кетерлігі, аталған учаскеде жалпы саны 2 626 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.

Жалпы, Тараз қаласы аумағында қазіргі таңда 135 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Олардың барлығында дауыс беру тиісті заңнамаға сәйкес таңғы сағат 7:00-де басталды. Сондай-ақ шаһар бойынша 256 985 сайлаушы болса, оның ішінде 18 жасқа енді толған 5 394 адам алғаш рет өз таңдауларын жасайды.  

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы