Көкшетау қаласының №13 орта мектебінде орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Спортшы тұтас республика үшін аса маңызды тарихи күні бейжай қалмай, дауыс беруді жөн деп тапқан. Сондай-ақ елдің ертеңгі болашағы үшін атом энергиясы аса қажет деп санайтынын жеткізді.
– Бүгін, міне, алғашқылардың қатарында еліміздің болашағы үшін Көкшетау қаласының №13 орта мектебінде орналасқан сайлау учаскесінде дауыс беріп, азаматтық парызымды орындады. Президентіміздің елдің ертеңгі болашағы үшін жасап жатқан бұл қадамы өте орынды деген пікірдемін. Таза өнім ғой. Ең бастысы, елімізде жемқорлықпен күреске баса назар аударса деймін. Қауіпсіздікті бақылауда ұстаса дұрыс болар еді. Өзімізде өндірілетін уранның пайдасын көруге тиіспіз деп ойлаймын. Еліміз тыныш болсын. Бірлік пен татулық тілеймін, – дейді паралимпиада жүлдегері.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы