АЭС: Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов референдумда дауыс берді

Мәжіліс Төрағасы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ғимаратында орналасқан №163 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге қатысты,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мәжіліс Төрағасы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ғимаратында орналасқан №163 сайлау учаскесінде дауыс берді.

 

– Бүгін – біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды күн. Еліміздің болашағына қатысты үлкен шешім қабылдануда. Ең бастысы, бұл шешімді халық қабылдап жатыр. Бұған дейін біз Конституциялық реформа қабылдадық. Оның басты мақсаты – әр адамның мемлекеттің саяси өміріне еркін қатысуын қамтамасыз ету. Бүгін біз соның нақты іске асқанын көріп отырмыз. Барлық аймақтағы азаматтарымыз өз дауысын беріп жатыр. Өңірлерден келіп жатқан ақпараттарға қарағанда, белсенділік өте жоғары. Халық мемлекетіміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймын, – деді журналистердің сұрағына жауап берген Ерлан Қошанов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.