Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абайдың 175 жылдығына орай өтетін шаралар өткізу мәселесі туралы айтты. «Абайды ұлықтау шаралары стадион, алаңдарда емес, заманауи мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өткізіледі», – деді министр. Ол сондай-ақ Абай мұраларын насихаттау көпшілік іс-шаралардың өткізілмеуіне байланысты өзгерістер болатынын да айтып өтті. Оның ішінде, Абайдың туған жерінде өтетін семинар, конференция, мерейтойға байланысты республикалық ақындар айтысын өткізу мәселесі жағдайға қарай шешімін табады.