Ташкентте қазақстандық спортшылар өз таңдауын жасады.
«Ташкентке жаттықтырушы, директор және ойыншыларды қосқанда жалпы саны 13 адам келдік. Мұнда гандбол спортынан Өзбекстан кубогына қатысып жатырмыз. АЭС жөніндегі референдум осы уақытқа тұспа-тұс келгендіктен, осы елдегі Қазақстан елшілігінде орналасқан референдум учаскесінде дауыс бердік. Азаматтық ұстанымын білдіріп, ел үшін тарихи сәтте таңдау жасауға әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс деп ойлаймын», – деді гандболдан «Астана» құрамасының мүшесі Мадина Мырзамсейітова.
Еске салсақ, Ташкент қаласындағы №399 референдум учаскесі Қазақстан Республикасының елшілгі ғимаратында (Абай көшесі, 1) орналасқан. Онда дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-ге дейін жалғасады.