Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 39,23 пайызы бюллетень алды.
Оның ішінде: Абай облысы бойынша – 42,22 %, Ақмола облысы бойынша – 45,48%, Ақтөбе облысы бойынша – 44,87 %, Алматы облысы бойынша – 41,76 %, Атырау облысы бойынша – 43,94 %, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 36,67 %, Жамбыл облысы бойынша – 36,27 %, Жетісу облысы бойынша – 37,35 %, Қарағанды облысы бойынша – 46,89 %, Қостанай облысы бойынша – 44,04 %, Қызылорда облысы бойынша – 37,63 %, Маңғыстау облысы бойынша – 38,50 %, Павлодар облысы бойынша – 36,54%, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 39,85%, Түркістан облысы бойынша – 44,52 %, Ұлытау облысы бойынша – 43,31 %, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 37,63 %, Астана қаласы бойынша – 41,93%, Алматы қаласы бойынша – 11,88 %, Шымкент қаласы бойынша 57,03 % жетті.
Азаматтардың уақытша болатын жерлеріндегі 358 референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды.