Роза Рымбаева №17 мектеп-интернатта орналасқан №387 сайлау учаскесіне барды. Өнер иесі іс-шараның маңыздылығын ғана емес, оның әрбір қазақстандық үшін тарихи күн екенін атап өтті.
«Азаматтарымыздың референдумға қатысуы – Қазақстанның болашағын түсінудегі маңызды қадам. Бүгінде әрқайсысымыз өз ұстанымымызды білдіруге мүмкіндігіміз бар. Қарқынды өзгерістер жағдайында референдум қорытындысы бізге еліміздің қозғалысын дамыту векторын көрсетеді», – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге таңертең №48 мектеп-лицейдегі №388 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс беруге қатысты. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.